Балбөбек тобында да жаңа жылдық ерекше сабақ өтті.
Бұл жолы балалар кулинария әлеміне саяхат жасады. Өз қолдарымен печенье дайындап, оны пісіру процесіне қатысты. Әр бала бар ықыласымен жасап, үлкен қызығушылық танытты.
Пештен шыққан печеньенің иісі бүкіл бөлмені жайлап, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал ең қызықты сәт — балалардың өз еңбектерімен жасалған тәттілерді соңында өздері жеп, қуанышқа бөленуі болды.
Осындай сабақтар балалардың қызығушылығын арттырып, жаңа жылға деген ерекше сезім сыйлайды.