Бүгін “Балбөбек”тобында қызықты сурет салу сабағы өтті! Балалар өз алдына мольбертке отырып, ормандағы еңбекқор тиынның суретін бояды.
Сабақ барысында әр бала өз қиялын, зейінін және ұқыптылығын көрсетті. Түстермен жұмыс істеу арқылы балалардың шығармашылық қабілеті дамып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі артты.