Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Кеше балабақшамызда жүрек жылуына, шаттыққа толы керемет күн өтті!

Әкелер мен балалары бір үстел басына жайғасып, кәдімгі гүл құмыраларын қиялдарына қанат бітіріп, әсем бояулармен безендірді. Көз алдымызда жай құмыра емес – махаббатпен боялған кішкентай өнер туындылары дүниеге келді!

Әр бала өз құмырасына топырақ салып, гүл отырғызды. Сол сәттегі баланың көзіндегі қуаныш пен әкесінің мейірімге толы жанары – ештеңеге айырбасталмас қымбат сәттер еді.

Бұдан кейін бірігіп ағаштан гүл сөрелерін жасадық! Әкелер балға мен шеге ұстап, балаларымен иықтаса еңбек етті. Осылайша тек сөре ғана емес – жүрекке естелік боп жазылатын ерекше байланыс та құрылды.

Бұл күннің басты мақсаты – әке мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сенімге негізделген байланысты нығайту болатын.

Осындай жылы естеліктер баланың жүрегінде өмір бойы сақталып, әке — қамқор дос, ақылшы тұлға екенін терең сезіндіреді.