“Балбөбек”, “Жұлдыз”, “Айналайын» ересек топтары және “Зерек kids”, “Құлыншақ” мектепалды даярлық топтарының жаңа жылдық ертеңгілігі “Геолог” мәдениет үйінде ерекше сән-салтанатпен өтті.
Кең сахна, жарқыраған шамдар мен мерекелік безендіру балаларды бірден ертегі әлеміне жетеледі.
Алдымен бүлдіршіндер үшін көңілді де әсерлі шоу-бағдарлама ұйымдастырылып,
зал шат күлкі мен қуанышқа толды.
Кейін балалар сахна төріне шығып, өздерінің дайындаған өнерлерін паш етті.
Әр қимылы сенімді, әр биі — шынайы эмоцияға толы болды.
Көрермендердің ыстық ықыласы мен қол соғуы балаларға ерекше шабыт сыйлап,
бұл күн баршаға ұзақ уақыт есте қалатын жарқын мерекеге айналды