8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктердің бірі «Құлыншақ» МАД тобында ерекше форматта өтті
Бұл жолғы мерекелік кеш ретро стилінде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Балалар ән айтып, би билеп, сахнада керемет көңіл күй қалыптастырды.
Әсіресе «Құдаша қыз» биі өте әсерлі орындалып, баршаның қошеметіне бөленді. Сонымен қатар «16 қыз» әні жаңа нұсқада шырқалып, топтағы 15 қыздың есімдерімен пародия түрінде айтылып, мерекеге ерекше көңілді атмосфера сыйлады.
Балалардың шығармашылығы мен сахнадағы еркіндігі бұл ертеңгілікті есте қаларлықтай етті
Көктем мерекесі баршаға қуаныш пен жылулық әкелсін!