“Күншуақ” тобының жаңа жылдық ертеңгілігі өтті.
Бүлдіршіндер мерекеге ерекше дайындалып, әдемі костюмдерімен залды нұрға толтырды.
Балалардың шат күлкісі, көңілді билері мен таза эмоциясы мерекенің шынайы сәні болды.
Ән айтып, би билеп, жаңа жылдық көңіл-күйге бөленген балалар
соңында асыға күткен сыйлықтарын алып, мәз-мейрам болды