Республика күніне арналған тәрбие сағаты
Бүгін «Айналайын» тобында Республика күніне орай тәрбие сағаты өтті.
Балалар Отан, Ту, Елтаңба туралы әңгімелеп, өлеңдер айтып, елімізге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Шығармашылық сәтінде кішкентай бүлдіршіндер сары мен көк түсті бояулармен алақандарын бояп, қағаз бетіне басты.
Бұл олардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен бірліктің, бейбітшіліктің нышанына айналды.