Балабақшамызда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгіліктер жалғасуда
Келесі мерекелік кеш «Айналайын» ересек тобында ата-аналардың қатысуымен өте жоғары деңгейде өтті. Балалар бірдей қызыл түсті киім киіп, сахнада ерекше үйлесім мен мерекелік сән көрсетті. Әсем әндер шырқалып, көркем билер орындалды. Тіпті бүлдіршіндер күрделі вальс биін де тамаша билеп, көпшілікті тәнті етті.
Бағдарлама барысында трио мен дуэттер орындалып, балалар өз өнерлерін керемет көрсетті. Сонымен қатар мереке барысында аналарға арналған қызықты ойындар ұйымдастырылып, кештің көңілді өтуіне ерекше әсер қосты.
Ертеңгіліктің соңында балалар аналарына әкелері дайындаған әдемі гүл шоқтарын және өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. Сондай-ақ ұл балалар қыздарға, ал тәрбиеші де қыз балаларға мерекелік сыйлықтар табыстады
Жылы сезім мен қуанышқа толы бұл мерекелік кеш баршаға ұмытылмас әсер сыйлады.