Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Бүгін біздің балабақшада ерекше әрі қызықты сабақ өтті!

Балалар өздерін нағыз археологтар сияқты сезініп, археологиялық қазба жұмыстарына қатысты. Құммен көмкерілген алаңда, асқан қызығушылықпен “қазба” жүргізіп, ежелгі динозаврлардың сүйектерін тапты!

Әр бала сүйектерді бір-бірімен сәйкестендіріп, динозаврдың қаңқасын құрастыруға тырысты. Осылайша олар ойын арқылы:
 зерттеу мен бақылау дағдыларын дамытты
 ұжыммен жұмыс істеуді үйренді
 ежелгі тіршілік иелерімен танысты
 ғылымға деген қызығушылықтарын оятты

Мұндай танымдық ойын-сабақтар балалардың қиялын кеңейтіп, білімге деген сүйіспеншілігін арттырады.

 Сабақ соңында әр бала өз “табысын” мақтанышпен көрсетті. Бәрінің жүзінде — шынайы қуаныш пен шабыт!