Бүгін балабақшамызда ерекше рухани сәт болды. Ұлы дала данышпаны, қазақтың мақтанышы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай педагогтарымыз ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» атты терең мағыналы өлеңін мәнерлеп оқыды.
Бұл жыр – өнер мен білімнің асқақ үні, адамдық пен ізгіліктің мәңгілік шамшырағы.
Абайдың әрбір сөзі – ұрпаққа қалдырған асыл аманат, жүрекке жетер даналық.
Бүгінгі күннің шуақты сәттері бізді тағы да ұлт руханиятының ұлы биігіне жетелеп, балаларға үлгі, үлкендерге өнеге сыйлады.
Абай сөзі – мәңгілік. Абай мұрасы – сарқылмас қазына.