Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Балабабақшада «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында “Айналайын” тобында ашық сабақ өтті.
Сабақ басында балалар шаттық шеңберін жасап, жағымды көңіл күймен бастады. Ашық сабақты көруге басшылық пен тәрбиешілер қауымы қатысты.

Сабақ барысында жасанды интеллект пен цифрлы технологиялар қолданылып, балалардың қызығушылығы одан әрі артты. Сонымен қатар, арнайы жол сақшысы кейіпкері кіріп, жол ережелерін ойын түрінде түсіндірді.
Балалар белсенді қатысып, жол белгілерін ажыратып, қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгерді.