Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Кеше «Жұлдыз» тобында «Мамандықтың барлығы жақсы» тақырыбында ашық оқу әрекеті өтті.
Оқу әрекеті барысында балалар түрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы туралы түсінік алды. Сабақ қызықты тапсырмалармен, ойын элементтерімен өтіп, балалар белсенділік танытты.

Ашық оқу әрекетіне келген мұғалім-қонақтар балалармен бірге тапсырмалар орындап, сабаққа белсенді қатысып, жылы атмосфера қалыптастырды. 

Сабақтың соңында тәрбиеші әр баланы болашақта қандай маман иесі ретінде көретінін фотосуреттер арқылы көрсетіп, бүлдіршіндерге ерекше мотивация сыйлады.
Сабақ мазмұнды, әсерлі әрі есте қаларлық өтті.